Кел балалар о?ылы? стих


Кел, балалар, оқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңан
Іздемей-ақ табылар.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Мал-дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар
Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-бөлім – стих бәрі де
Оқуменен табылған.

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай,
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...

Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!


Источник: http://www.altynsarin.ru/ibrai/87-stikhi-ybyraja-altynsarina.html



Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]

Кел, балалар, оылы - Ыбырай Алтынсарин - ледер - Bilim - All Замена слова поздравление


Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих Кел балалар о?ылы? стих